Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011.12.26 № 379 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы "2011-2013 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық кәсімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-167 болып тіркелген) № 257 шешіміне сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты айлық мөлшерінде үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек - балаларға оқу жылы мерзіміне ай сайын жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай–уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түрінде банкінің лицензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек - балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алған қатынастарға таратылады.
Денисов ауданының әкімі В. Ионенко