Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 83 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 сәуірде № 9-8-173 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011.09.05 № 247 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабы 11) тармақшасына, 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 257 "2011-2013 жылдарға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" Денисов ауданы мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-8-167 болып тіркелген) сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж болған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Көрсетілсін:
      1) қосымша ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68 бабына сәйкес, 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) біржолғы әлеуметтік көмек:
      туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, арнайы туберкулезге қарсы медициналық мекемеден шығырылғындарға қосымша тамақтандыруына табысын есептемей он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      табиғи және техногендік сипатының төтенше жағдай (өрт, су басу) пайда болған нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) жетпіс айлық есептік көрсеткіштен көп емес нақты зиян бойынша, табыстарды есептемегенде, төтенше жағдайды енгізу үшін негіздеме болған жағдайдың нәтижесінде зардап шеккендерден басқа.
      кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге тұрмысы төмен отбасыларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жұмыссыздардың жерлеуіне, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жан басына шаққандағы орташа табыс орта күнкөрістің ең аз мөлшерінен төмен болғанда Жерлеуге әлеуметтік көмек отбасының мүшелеріне, немесе өлген кезінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда ресми жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда қайтыс болған жұмыссыздардың жерлеген тұлғаға біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне "Жеңіс күні" мемлекеттік мерекесіне бес мың теңге мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға екі мың теңге мөлшерінде;
      халықтың әлеуметтік қорғалған қабаттарына жататын ең төменгі күнкөріс деңгейден төмен табыстарымен және техникалық, кәсіптік, орта білімнен және жоғары білімді алуына байланысты мемлекеттік білім гранттарының иелерін, мемлекеттік бюджеттің қаржылары үшін төлемдердің басқа түрлерінің алушыларын қоспағанда шығыстарды өтеу үшін жергілікті бюджеттің қаржыларына оқытылатын жасөспірімдерге оқудың жылдық құны мөлшерінде;
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы ретінде "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – уәкілетті орган) анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттарды тапсырған күнінен он бес күнтізбелік күн ішінде әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту немесе тағайындау туралы шешім уәкілетті органмен қабылданады.
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуының негізі болып табылады:
      Құжаттардың толық бермеуінен;
      Осы қаулының 1 тармақшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санаттарына сәйкес келмеуі.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмекті алушының жеке шотына, екінші деңгейдегі банктері арқылы немесе сәйкес банктік операциялардың түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар ақша қаржыларын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен тағайындалады ай сайын айдың ен соңғы күніне дейін.
      5. Әлеуметтік көмектің қаржыландыруы "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" атты бюджеттік бағдарлама бойынша сәйкес қаржы жылына бюджетпен көзделген сомалары шегінде жасалады.
      6. Осы қаулымен көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап орын алған қатынастарға таратылады.

      Денисов
      ауданының әкімі                            В. Ионенко

Әкімдіктің      
2011 жылғы 29 наурыздағы
№ 83 қаулысына қосымша 

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті
құжаттардың тізімі

      1. 1 тармақ 2) тармақшасының алтыншы азат жолында көрсетілген әлеуметтік көмектен басқа, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар болып табылады:
      1) банктік шотын көрсетуімен тұлғаның өтініші;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі;
      3) алушының тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      4) салық төлеушінің тіркеу куәлігінің көшірмесі.
      2. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері:
      Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі;
      2) оларға теңестірілген тұлғаларға:
      әлеуметтік көмекті алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3. Біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қосымша:
      1) мамандырылған туберкулезге қарсы  медициналық ұйымнан  шығырылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, қосымша тамақтануына:
      тиісті медициналық мекемеден аурудың емделуде екендігін растайтын анықтама;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      2) әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға (азаматтарға)өрт немесе су басудан келтірілген зиян нәтижесінде:
      көзделген төлем енгізуге жағдайды растайтын тиісті органнан құжат;
      келтірілген шығынның соммасын растайтын құжаттар;
      3) аз қамтылған отбасылардың кәмелетке толмаған қайтыс болған  балаларын жерлеуге:
      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
      отбасының табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүргізілсе, өтініш беруші туыстық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      Егер жерлеу қайтыс болғаның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші ритуалдық қызметтен жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      4) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөрістен төмен табыстары бар отбасылардың қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі;
      жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органнан қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы кұжат;
      отбасының табыстары туралы мәліметтерді растайтын кұжаттар;
     егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы  мүшелерімен жүргізілсе, өтініш беруші туыстық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса,өтініш беруші ритуалдық қызметтен жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын кұжаттың көнірмесін ұсынады.
      5) "Жеңіс күніне" мемлекеттік мерекесіне:
      егер осы азамат уәкілетті органда есепке тұрмаған жағдайда алушының әлеуметтік статусын растайтын құжат;
      6) техникалық және кәсіптік білім,ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін, ен төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитың, халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын отбасылар жастарына:
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      оқу төлемнің растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады