Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 84 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 сәуірде № 9-8-174 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 07-09/2 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің 2012.01.04 № 07-09/2 хатымен.

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыру немесе босатылу құқықтарынан айырылған, жасы он сегізден жиырма жетіге дейінгі еркек жынысы азаматтарды, сондай-ақ жиырма жетіге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтемеген, оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын
үйымдастырсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) әскери қызметіне шақырудан жалтарып жүрген тұлғалардың жеткізуін қамтамасыз ету;
      2) аудандық шақыру учаскесінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Денисов
      ауданының әкімі                            В. Ионенко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысының Ішкі істер департаменті
      Денисов ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ А. Неғымеджанов

      Қостанай облысы әкімдігінің
      Денсаулық сақтау басқармасы
      "Денисов орталық аудандық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның бас дәрігері
      _____________ М. Баймұрзин

      "Қостанай облысы Денисов
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ В. Слободюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады