2011 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 85 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 сәуірде № 9-8-175 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 07-09/2 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің 2012.01.04 № 07-09/2 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға арналған Денисов ауданының әкімшілік аумағында тұрған халықтың нысаналы топтары анықталсын, қосымшаға сәйкес.
      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды жұмыспен қамту үшін шаралар ескерсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.

      Денисов
      ауданының әкімі                            В. Ионенко

Әкімдіктің     
2011 жылғы 29 наурызда
№ 85 қаулысына қосымша

2011 жылға арналған Денисов ауданының әкімшілік
аумағында тұрған халықтың нысаналы топтары

      1. Алынған мамандық бойынша айналыспаған және тәжірибе өтілдігі жоқ жұмыссыз жастар.
      2. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның жоюлының босатылған байланыстылары, немесе жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметінің тоқталуы, сан немесе қызметкерлердің штатының қысқартуымен, тұлғалары.
      3. Жоғары ұйымдар немесе жоғары оқу мекемелер оқу кейіннен бітірушілер.
      4. Жалғыз-аналар.
      5. Аз қамтылған азаматтар.
      6. Жиырма бір жасқа дейіңгі жастар.
      7. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейіңгі жастар.
      8. Балалар үйлердің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейіңгі балалар.
      9. Кәмілетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар.
      10. Зейнеткерлікке шығу алдында жастағы адамдар (жасына қарағанда зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар)
      10. Мүгедектер.
      11. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар.
      13. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      14. Оралмандар.
      15. Көп уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жыл және одан да көп).
      16. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарын курстық даярлау бойынша бітірушілер.
      17. Қарауында Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен тұрақты қарауға, көмекке және бақылауға мұқтаж адамдары бар азаматтар.
      18. Елу жастан үлкен тұлғалар.
      19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдауымен бойынша кәсіптік оқуды бітіргендер.
      20. Интернаттық ұйымдардың кәмілеттік жасқа толмаған түлектер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады