Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Денисов ауданының әкімінің 2012.01.04 № 07-09/2 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы 1 тармағына, 7 бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңың іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 231 бабы 2 тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 70 "2011 жылға жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-8-170 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 сәуірде "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
3 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов
ауданының әкімі В.Ионенко
Келісілді:
"Денисов ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Д.Мұсылманқұлова
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ С.Рахметова