Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің 2012.01.04 № 07-09/2 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5) тармақшасына, 20 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 6, 8 тармақтарына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Денисов ауданы бойынша 2011 жылға жұмыссыздарға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және жағдайлары бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы 2011 жылғы аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленген ең төменгі жалақының бір жарым мөлшерінде бекітілсін.
3. Мыналар:
1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) шартпен белгіленген мөлшерлерде жалақыны аудару және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеу шығындары жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен төленетіндігі белгіленсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011.08.19 № 236 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Тізбеде белгіленген ұйымдармен "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған, қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптары бойынша қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы өткізілсін.
5. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен шарттар жасау;
2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың есебін жүргізу;
3) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
6. "Денисов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Рахметова С.Ф.) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссызыдарға еңбекақысын төлеуге уақытылы қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
7. Қоғамдық жұмыстары жүргізілетін аумақтардағы селолық округтер мен село әкімдері қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жағынан көмек көрсетсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауданының әкімі В. Ионенко
Әкімдіктің
2011 жылғы 9 наурыз
№ 70 қаулысымен бекітілген
Денисов ауданы бойынша 2011 жылға жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен жағдайлары, ұйымдардың тізбесі
№ |
Ұйымның |
Жұмыстардың |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
1 |
"Денисов |
Қызметкердің алдын |
79850 |
Қоғамдық жұмысқа |
Қызметкердің алдын |
132980 |
|||
Қызметкердің алдын |
47900 |
|||
Қызметкердің алдын |
68500 |
|||
Қызметкердің алдын |
107100 |
|||
Қызметкердің алдын |
102340 |
|||
Қызметкердің алдын |
176648 |
|||
Қызметкердің алдын |
25200 |
|||
Қызметкердің алдын |
93580 |
|||
Қызметкердің алдын |
27100 |
|||
Қызметкердің алдын |
183300 |
|||
Қызметкердің алдын |
105360 |
|||
Қызметкердің алдын |
231140 |
|||
Қызметкердің алдын |
1660759 |
|||
2 |
Денисов ауданы |
Қызметкердің алдын |
18920 |
Қоғамдық жұмысқа |
3 |
"№ 40 |
Қызметкердің алдын |
12746 |
Қоғамдық жұмысқа |
4 |
"Денисов |
Қызметкердің алдын |
59407,6 |
Қоғамдық жұмысқа |