Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 63 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қазандағы № 9-8-184 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 17.11.2014 № 66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартының негізінде мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-8-162 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 10 желтоқсанда "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің қосымшасында 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   М. Суербасов

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Тойбағоров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _______________ Д. Мұсылманқұлова

      "Денисов ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ С. Рахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады