Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 шешімі. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 мамырда № 9-9-134 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.02.2013 № 74 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық
      мәслихаты кезекті
      он алтыншы сессиясының
      төрағасы                                   К. Карбозов

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Т. Даркенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ Л. Зейнекина

      "Жангелдин ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________________ Д. Аренова

      "Жангелдин ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Д. Бидашев

Мәслихаттың         
2011 жылғы 18 сәуірдегі   
№ 217 шешімімен бекітілген  

Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жангелдин ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) (бұдан әрі-өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      3. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Уәкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі.
      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын береді, жауаптың бір данасы өтініш берушіге беріледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2011.11.01 № 246 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейін тағайындалатын бірінші тоқсанды қоспағанда, өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегін тағайындау бүкіл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.
      10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айынан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айынан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      12. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп- ұстау, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысы, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны шығындарының төлем сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде, нормалар және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығындарының шектi жол берiлетiн деңгейi шегiнде айқындалады.
      Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 7412 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес, тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi, тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негiзге алғанда уәкiлеттi органмен анықталады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2012.10.29 № 53 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. алынып тасталды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2012.10.29 № 53 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжаттарды тапсырады.
      15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2012.10.29 № 53 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      17. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      18. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      19. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылтқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
      20. Осы Ережемен белгіленген нормалардан тыс төлем тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      21. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      22. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2012.10.29 № 53 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады