Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2011 жылғы 1 қарашадағы № 246 шешімі. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 желтоқсанда № 9-9-142 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.02.2013 № 74 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-134 тіркелген, 2011 жылдың 31 мамырында "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын береді, жауаптың бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық мәслихаты
      кезектен тыс сессиясының төрағасы          Т. Ахметов

      Жангелдин аудандық
      мәслихаты хатшысының
      уақытша міндетін атқарушы                  Қ. Омар

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Л. Зейнекина
      2011 жылғы 1 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады