Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2012.02.22 № 64 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарына квоталар белгіленсін:
1) жұмыс орындардың жалпы санының бір проценті мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
2) жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін.
2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш білдірген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Г. Аубакировке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Төлепов
КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ Л. Зейнекина