Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 33 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орында белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 366 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 желтоқсанда № 9-12-171 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 15.03.2017 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы № 33 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-153 тіркелген, 2011 жылғы 24 ақпанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 47, 52, 53-жолдары алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы 59-жолмен толықтырылсын:

59
№ 938
Қарабалық
кенті
"Қарабалық аудандық
балалық-жасөспірімдер
спорттық мектебі" мемлекеттік
мекемесінің № 2 спорт залы
ғимаратының қасында

      
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қарабалық
      ауданының әкімі Ф. Филиппов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қарабалық аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрайымы
      ___________ Т. Салмина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады