Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 93 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 6971 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      2011 жылғы 18 ақпандағы № 33 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-153 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 ақпанда аудандық "Айна" газетінде жарияланған);

      2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 366 "Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 33 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-171 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсанда аудандық "Айна" газетінде жарияланған).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Бектасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарабалық аудандық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      ______________ Т. Салмина

      15 наурыз 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады