Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 29.08.2013 № 172 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Кем-тар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына және "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджеттен әлеуметтік төлемдердің мынадай түрлерінің көрсетілуі қамтамасыз етілсін:
тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерін үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек.
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) әлеуметтік көмек, оқу кезеңіне әлеуметтік көмекті тағайындау туралы уәкілетті органның шешімі қабылдаған сәттен бастап, ай сайын төленеді;
2) әлеуметтік көмек мүгедек балалардың интернат-үйлерінде немесе санаториялық мектептерінде тұрып жатқан кезеңінде төленбейді;
3) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудандық комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылданады;
4) әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың сәйкестік түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының ағымдағы шотына ақшалай аудару жолымен, айдың 25 күніне дейін жүзеге асырылады.
4. "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық
қамтамасыз ету туралы" бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмектің қаржыландырылуы жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Б.Б. Уәлиевке жүктелсін.
6. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қарасу
ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ А. Ерменова