Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2012.12.21 № 73 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 15)–тармақшасына және Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы берген хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректеріне сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондар құны 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй- жайлардағы (оқшауланған блоктардағы), сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық
мәслихатының он
алтыншы сессиясының
төрағасы: А. Феоктистов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық Комитетінің
Қостанай облысы бойынша
Салық Департаментінің
Қарасу ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы:
_________ Б. Сүлейменов
Мәслихатының
2011 жылғы 14 маусымдағы
№ 343 шешіміне 1-қосымша
Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондар құны
Рет саны |
Қызмет түрлері | Талондардың теңгедегі құны |
---|---|---|
1 |
Газеттер мен журналдар, тұқым, |
179 |
2 |
Үй жануарлары мен құстарды бағу |
289 |
3 |
Жер учаскелерін өндеу жөніндегі жеке |
254 |
Мәслихатының
2011 жылғы 14 маусымдағы
№ 343 шешіміне 2-қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы)
сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі
қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны
Рет саны |
Қызмет түрлері | Талондардың теңгедегі құны |
---|---|---|
1 |
Өнеркәсіп тауарларын және |
286 |