Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 163 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 маусымда № 9-15-152 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 10.07.2015 № 157 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынымдары негізінде Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
      жазғы дәнділердің 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      бұршақтұқымдастардың 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      күзгі дәнділердің 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
      майлы дақылдардың 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
      жемшөптік (өткен жылдарындағы 30 сәуірден 15 шілдеге дейін;
көпжылдық шөптерден басқа)
      бірінші жылдың көп жылғы 20 сәуірден 31 мамырға дейін;
шөптерінің бірінші мерзімі
      бірінші жылдың көп жылғы 5 шілдеден 1 тамызға дейін;
шөптерінің екінші мерзімі
      жүгерінің, сүрлемдік күнбағыстың 15 мамырдан 31 мамырға дейін;
      картоптың 10 мамырдан 31 мамырға дейін;
      көкөністердің 25 сәуірден 10 маусымға дейін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Тұрағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Б. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады