Сарыкөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 107 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 мамырда № 9-17-118 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 18.04.2012 № 141 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5)5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасы Сарыкөл ауданының кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Қ. Ғабдулин

      КЕЛIСIЛДI:

      "Сарыкөл ауданы
      әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлiмi" ММ бастығы
      ________________ Ю. Кондриков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады