Үй іші қамқорлығындағы мүгедек-балаларды оқыту және тәрбиелеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 мамырда № 223 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 мамырда № 9-18-138 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011.08.15 № 377 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, ""Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысымен (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 3617 тіркелді), "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тоқсан сайын үй іші қамқорлығындағы мүгедек-балаларды оқыту және тәрбиелеуге (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) әлеуметтік көмек, сегіз айлық есеп көрсеткіші көлемінде көрсетілсін.
      Әлеуметтік көмек тоқсанның соңғы айының жиырма бесі күніне дейін тағайындалады және төленеді.
      2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін
      3. Мыналар анықталсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі аудандық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып қабылданады;
      2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген тоқсаннан бастап, оқу жылының мерзіміне тағайындалады, мүгедектік мерзімі біткенде, мүгедек-баланың қаза болған айында немесе аудан аумағы шегінен кеткен уақытында тоқтатылады;
      3) әлеуметтік көмек мүгедек-баланың интернат үйінде және сауықтыру мектептерінде тұру кезеңінде жүзеге асырылмайды.
      4. Әлеуметтік көмек төлемдерінің ақшалай қаражаты, екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының түрлерін жүргізуге сәйкес лицензиясы бар ұйымдар арқылы, әлеуметтік көмекті алушының банктегі шотына аудару жолымен жүзеге асырылады
      5. "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыру жүргізілсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған әрекеттерге таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ бастығы
      __________________ Л. Өтешева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады