Белинский ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы Белинский селолық округі әкімінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қарашада № 9-18-149 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селолары", "селосының" деген сөздер "ауылдық", "ауылдарының", "ауылдары", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 18.04.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Қайыңдыкөл және Жамбаскөл ауылдары тұрғындарының пікірін ескеріп, Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Белинский ауылдық округі Қайыңдыкөл ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
      1) № 1 атаусыз көшесіне - Казахская көшесі;
      2) № 2 атаусыз көшесіне - Труд көшесі;
      3) № 3 атаусыз көшесіне - Комсомольская көшесі;
      4) № 4 атаусыз көшесіне - Мир көшесі;
      5) № 5 атаусыз көшесіне - Ленин көшесі;
      6) № 6 атаусыз көшесіне - Молодежная көшесі;
      7) № 7 атаусыз көшесіне - 8 Март көшесі;
      8) № 8 атаусыз көшесіне - Белинская көшесі;
      9) № 9 атаусыз көшесіне - Пушкин көшесі;
      10) № 10 атаусыз көшесіне - Тельман көшесі;
      11) № 11 атаусыз көшесіне - Абай көшесі;
      12) № 12 атаусыз көшесіне - Зеленая көшесі;
      13) № 13 атаусыз көшесіне - Геологовтар көшесі;
      14) № 14 атаусыз көшесіне - Таран көшесі;
      15) № 15 атаусыз көшесіне - Строительная көшесі.
      2. Белинский ауылдық округі Жамбаскөл ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
      1) № 1 атаусыз көшесіне - Центральная көшесі;
      2) № 2 атаусыз көшесіне - Складская көшесі.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Белинский
      ауылдық
      округінің әкімі                            Қ. Хасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады