Белинский ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 1 "Белинский селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 4739 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Белинский ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 1 "Белинский селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-149 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селолары", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдарының", "ауылдары", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Белинский ауылдық
      округінің әкімі                            Қ. Хасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады