"2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 138 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 маусымда № 9-19-156 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына20 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 45 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-19-148 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 наурызда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Мыналар:
      1) 2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайларының қоса ұсынылған Тізбесі;
      2) аудан бюджеті қаражаттары есебінен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде еңбек ақысы мөлшерінде азаматтардың еңбек төлемі." бекітілсін.
      3 тармақтың 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) жұмыссыздарды төленетін қоғамдық жұмыстарына жіберуді жүзеге асырсын;
      3) жергілікті бюджет қаражаттарынан қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысына, соның ішінде 2011 жылға белгіленген міндетті зейнетақы жарналары, табыс салығы шығындарын төлеу үшін, жұмыс берушілердің есеп шоттарына қаржылық қаражаттары аударылсын.".
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      кестенің атауында "көлемі және" сөздерінен кейін "нақты" сезімен толықтырылсын";
      кестедегі бағанның атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      "нақты жұмыс шарттары".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Ұзынкөл аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорны, бас дәрігер
      ___________________ Қ. Ержанов

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі, бастық
      ________________ Г. Асқарова

      "Ұзынкөл ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
      бастық
      _______________ Ә. Сәрсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады