"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңы, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысының 10 тармағына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми–зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысының негізінде, оңтайлы мерзімде себілген, егістік жерде өсірілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарына субсидия беру үшін, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрі бойынша 2011 жылда келесі оңтайлы себу мерзімдері анықталсын:
1) жаздық дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, қара құмық) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
2) дәнді бұршақты дақылдар (бұршақ, аңқа) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
3) майлы дақылдар (бұршақ, күнбағыс, зығыр, қыша) 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
4) қысқы дәнді дақылдар (қара бидай, бидай) 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Е. Алинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл
ауданының әкiмi Т. Ташмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесі, бастық
__________________ К. Аскаров