Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 9-19-166 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабының 23-тармақтарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесіне тiркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына (келiсiм бойынша) "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiмен бірге (келiсiм бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
      3. "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге ұсынылсын:
      1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге нарядты оқу орындарына жеткізсін;
      2) бұқаралық ақпараттық құрал арқылы жұмысты ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берілсін;
      3) әскери оқу орнына түсуге әскери кәсіптік бағытында болу мақсатымен тіркеу уақытында әрбір әскер жасына дейінгімен жеке әңгімелесу жүргізілсін.
      4. Ұзынкөл ауданының селолық округтерінің, Ұзынкөл, Троебрат, Ряжский селоларының әкімдері тiркеуге жататын, тіркелетін жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру участкесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министірлігі Қостанай облысының ішкі
      істер Департаменті Ұзынкөл ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
      бастық
      ___________________ А. Елисеев

      "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының
      қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесi, бастық
      ___________________ О. Оразалиев

      Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
      сақтау басқармасының "Ұзынкөл
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
      кәсiпорны, бас дәрiгер
      ___________________ Қ. Ержанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады