"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы Федоров ауданының аумағында дәнді және майлы
дақылдарды егу жұмыстарын бастау мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
1) дәнді дақылдар:
жаздық бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық-15 мамырдан 10 маусымға дейін;
2) майлы дақылдар-18 мамырдан 10 маусымға дейін;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дощановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров ауданының кәсіпкерлік,
ауыл шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары,
бастықтың міндетін атқарушы
_________________ Е. Сечная