Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012.07.02 № 4-13/824 хатымен.
"Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының еркек жынысты, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын азаматтарын "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
2. "Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы Федоров аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Селолық округтер, Федоров селосының әкімдері:
1) тіркеуге жататын азаматтарға хабарлауды ұйымдастырсын және олардың шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін;
2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдарды бөлсін, оларды жеткізу кезінде қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Федоров ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Федоров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп:
1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге арналған нарядты ауданның оқу орындарына жеткізу;
2) бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы оқытушыларын әскери - оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, олардың жұмысын ұйымдастыру;
3) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлама беру;
4) әскери-оқу орнына түсуге әскери-кәсіптік бағыттау мақсатында, әр әскер жасына дейiнгiлермен жеке әңгімелесу жүргізу ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
7. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен кейін бастап қолданысқа енгiзiледi.
Федоров
ауданының әкімі Қ. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының ішкі істер
Департаментінің Федоров
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Е. Файзуллин
"Костанай облысы Федоров
ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ Е. Тортаев
Қостанай облысы әкімдігінің
Денсаулық сақтау басқармасы
"Федоров аудандық орталық
аурухана" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
__________________ В. Финк