Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 34 қаулысына "Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы"

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 357 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 9-20-205 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысымен

      Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 25.12.2017 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 34 қаулысына "Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-189 тіркелген, 2011 жылғы 24 ақпандағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Федоров аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ___________ А. Оспанова

  Әкімдіктің
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 357 қаулысына қосымша
Әкімдіктің
2011 жылғы 23 ақпандағы
№ 34 қаулысына қосымша

Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін арналған орындар


р/с

Обьектінің орналасқан орны

1.

Федоров селосы:
Ленин атындағы көше – Легкодухов атындағы көше
қиылысы:
Набережный көшесі – Әуезов атындағы көшенің
қиылысы;
Шевченко атындағы көше ("Рассвет" дүкені
ғимаратының жанында);
Легкодухов көшесі – Степной көшесінің қиылысы;
Юнацкий атындағы көше (сауда алаңының ауданы);
Легкодухов атындағы көше ("Алга" спорт клубы
ғимаратының жанында);
Пушкин атындағы көше ("Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп
кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің
Федоров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында);
Водопроводный көшесі ("Абсолют" дүкені ғимаратының
жанында)

2.

Баннов селолық округі:
Баннов селосы (орталық алаң ауданы);
Қарақопа селосы ("Фиалка" дүкені ғимаратының
жанында);
Чехов селосы ("Фортуна" дүкені ғимаратының
жанында);
Цабелев селосы ("Надежда" дүкені ғимаратының
жанында)

3.

Вишневый селолық округі:
Вишневый селосы (селолық клуб ғимаратының жанында);
Белояров селосы ("Светлана" дүкені ғимаратының
жанында);
Уйское селосы (бұрынғы бастауыш мектеп ғимараты
жанында);
Усаков селосы ("Ормандар мен жануарлар әлемін
қорғау жөніндегі Усаков мемлекеттік мекемесі"
ғимаратының жанында)

4.

Воронеж селолық округі:
Придорожный селосы ("Воронеж селолық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты
жанында);
Успенов селосы ("Меркурий" дүкені ғимаратының
жанында);
Лысанов селосы ("Виктория" дүкені ғимаратының
жанында);
"Успеновка" станциясы ("Успеновское ХПП"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі
ғимаратының жанында)

5.

Жаркөл селолық округі:
Жаркөл селосы ("Анар" дүкенінің ғимараты жанында);
Александрополь селосы ("Федоров ауданы білім
бөлімінің "Александрополь бастауыш мектебі"
мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Андреев селосы ("Федоров ауданы білім бөлімінің
"Андреев бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында);
Владыкин селосы ("Федоров ауданы білім бөлімінің
"Владыкин негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында);
Затышен селосы ("Беркут" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ғимаратының жанында);
Копычен селосы ("Федоров ауданы білім бөлімінің
"Копычен негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында);
Приозерный селосы ("Радуга" дүкені ғимаратының
жанында)

6.

Камышин селолық округі:
Чистый Чандак селосы ("Камышин селолық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының
жанында);
Камышный Чандак селосы ("Турар" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының
жанында);
Ала-Бұталы селосы ("У Степаныча" дүкені ғимаратының
жанында);
Северный селосы ("Ярославна" дүкені ғимаратының
жанында)

7.

Қоржынкөл селолық округі:
Лесной селосы (Мәдениет үйі ғимаратының жанында,
"Салем" дүкенінің жанында);
Березов селосы ("Натали" дүкенінің жанында,
"Федоров ауданы білім бөлімінің "Березов бастауыш
мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Малороссийка селосы ("Федоров ауданы білім
бөлімінің "Украин бастауыш мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында);
Дубрав селосы ("Садаков" шаруа қожалығының кеңсесі
ғимаратының жанында)

8.

Қосарал селолық округі:
Кеңарал селосы ("Визит" дүкені ғимаратының
жанында);
Төрағаш селосы ("Федоров ауданы білім бөлімінің
"Төрағаш бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында);
Жыланды селосы ("Федоров ауданы білім бөлімінің
"Жыланды бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында)

9.

Костряков селолық округі:
Костряков селосы ("Костряков селолық округі
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының
жанында, орта мектеп ғимаратының жанында, селолық
клуб ғимаратының жанында);
Волков селосы ("Гранд" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанында);
Ивангородка селосы ("Гранд" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанында);
Курск селосы ("Федоров ауданы білім бөлімінің
"Курск негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында);
Запасный селосы ("Гранд" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанында);
Грачев селосы ("Гранд" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанында)

10.

Ленин селолық округі:
Ленин селосы (селолық клуб ғимаратының жанында);
Жанахай селосы (селолық клуб ғимаратының жанында)

11.

Новошумный селолық округі:
Новошумный селосы (орталық алаң ауданы);
Старошумный селосы (Абай көшесі, 7 мекен-жайы
бойынша орналасқан ғимараттың жанында);
Тоғызақ селосы (М. Әуезов көшесі, 8 мекен-жайы
бойынша орналасқан ғимараттың жанында)

12.

Первомай селолық округі:
Первомай селосы ("Минутка", "Маяк", "Көктем"
дүкендері ғимараттарының жанында);
Трактовый селосы ( "Татарчук Т.Н." жеке кәсіпкердің
дүкені ғимаратының жанында)

13.

Пешков селолық округі:
Пешков селосы (орталық алаң ауданы, "Валентина"
дүкені ғимаратының жанында, "Пешковский КХП"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дүкені
ғимаратының жанында);
Калинов селосы ("Калиновское" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының
жанында);
Кравцов селосы ("Фаворит" дүкені ғимаратының
жанында);
Полтав селосы ("Федоров ауданы білім бөлімінің "Полтав бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында);
Большой селосы ("Алтын-Инвест" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің № 2 бригадасы ғимаратының
жанында)

14.

Шандақ селолық округі:
Мирный селосы ("У Иваныча" дүкені ғимаратының
жанында, "Пшеничное" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі мен "Чандак" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі кеңсесінің ауданында);
Дорожный селосы ("Эдельвейс" шаруа қожалығының
кеңсесі ғимаратының жанында);
Крамской селосы ("Пшеничное" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының
жанында)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады