Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы N 16 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуге алынбаған ересектерді Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тіркеуге алу жүргізілсін.
2. Мыналар:
1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің және оқу орындарының басшыларына талап етілетін құжаттарымен тіркеуге алынатын еркек жынысты азаматтардың Павлодар қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына уақытында келуін қамтамасыз ету;
2) емдеу мекемелерінің бас дәрігерлеріне тіркеуге алу жұмысы басталысымен, еркек жынысты азаматтар арасында емдеу-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және емдеуді қажет ететіндерді жасөспірімдер кабинеттеріне дербес есепке алу. Жасөспірімдер дәрігерлерінің еркек жынысты азаматтарды медициналық куәландыруда қатысуын ұйымдастыру ұсынылсын.
3. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуге алынбаған ересектерді шақыру учаскесіне тіркеуге алуды ұйымдастыру мен жүргізу үшін ақша қаражатын бөлсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е. Иманслямға жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі О. Қайыргелдинов