Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы "Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санатының тізбесі туралы" N 194/24 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қазандағы N 352/39 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 10 қарашада N 12-2-181 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 22 қазандағы N 165/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 22.10.2013 N 165/21 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық мәслихаттың (IV сайланған ХХIV кезектен тыс сессиясы) 2010 жылғы 17 ақпандағы "Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санатының тізбесі туралы" N 194/24 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-2-132 тіркелген, 2010 жылғы 20 наурызда "Ақжол - Новый путь" газетінде N 23 жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы келесі мазмұндағы  32 тармақпен толықтырылсын:
      "32. Қиын тіршілік жағдайындағы тұлғалар (тұрғылықты жері жоқ адамдар)".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Л. Мартынова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады