Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 9 наурыздағы N 26 "2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер сомалары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 07 желтоқсандағы N 220 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда N 12-4-109 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 28 қазандағы N 26/1-28/361 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімі аппарат басшысының 28.10.2013 N 26/1-28/361 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестікке келтіру мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданның әділет басқармасында 2011 жылғы 15 наурызда  N 12-4-99 тіркелген, аудандық "Ауыл тынысы - Пульс села" газетінде 2011 жылғы 19 наурыздағы N 13-14 (6188) жарияланған аудан әкімідігінің 2011 жылғы 9 наурыздағы N 26 "2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер сомалары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1–тармақта:
      10) тармақшасы алып тасталсын;
      14)–тармақшасындағы "жеке бас куәліктің көшірмесі," деген сөздерінен кейін "Чернобыль атом электростанциядағы апат салдарын жоюға қатысушы куәліктің көшірмесі немесі Ауған соғысына қатысушы куәлігінің көшірмесі," деген сөздермен толықтырылсын;
      28) тармақшасында "ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар" деген сөздері алып тасталсын;
      2–тармақта:
      11) тармақшасы алып тасталсын;
      29) тармақшасында ", ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар" деген сөздері алып тасталсын, "белгіленген баға бойынша" деген сөздері "10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Ақановқа міндеттелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Қожанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады