Аудан мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 109/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 сәуірде N 12-8-106 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 191/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012.04.18 N 191/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247 Заңына, Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған ХХVII кезекті сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" N 1/27 шешіміне сәйкес, аудан мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың мынадай санаттары бекітілсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері;
      3) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль АЭС-нда апат зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар;
      4) Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар;
      5) "Құрметтi азамат" атағы бар тұлғалар;
      6) ауданға жолдамамен жұмысқа келген жас мамандар-дәрігерлер;
      7) салалы министрлiктердiң, департаменттердiң, жоғары оқу орындарының жолдамасымен ауданға жұмысқа келген жоғары оқу орындары мен колледждер түлектері-жас мамандар;
      8) жоғары медициналық оқу орындарының ақырғы курсында оқитын студенттер;
      9) жоғары оқу орындарындағы оқуына төлеуге және стипендияға облыс әкімі грантына ие болған аз қамтамасыз етілген  отбасылардан  студенттер және жетім – студенттер;
      10) мүгедек балалар және балалық шақтан мүгедектер;
      11) жалғызілікті және жалғыз тұратын (ерлі-зайыптылардың біріне немесе бірге тұратын) еңбекке жарамсыз азаматтар және зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлер;
      12) онкологиялық ауруларға (аурудың II, III, IV кезеңдері) және адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруына шалдыққан тұлғалар;
      13) туберкулез ауыруына шалдыққан тұлғалар;
      14) гемофилия, лейкемия ауыруларына шалдыққан тұлғалар;
      15) балаларды қорғау күніне орай мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалар;
      16) балаларды қорғау күніне орай жетім-балалар;
      17) балалардың орталық жүйкесі сал (ДЦП) ауыруына шалдыққан 18-жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      18) жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      19) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      20) "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) қайтыс болған уақытта есепте тұрған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырушы тұлғалар;
      21) жүктілігі бойынша есепке уақытында тұрған, УДЗ скринингінен өткен және дәрігердің барлық нұсқауларын орындайтын жүкті әйелдер;
      22) гемофилия диагнозы бар мүгедек-бала;
      23) республиканың медициналық мекемелеріне барып-қайтуына және тұруына мүгедек-балалар;
      24) жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген, кәсіптік оқытуға жіберілген немесе еңбекпен оңалтумен қамтылған жұмыссыз азаматтар;
      25) шағын орталықта және балабақшадағы балалары үшін ата-аналардың төлемі бойынша шығындарын қайтару үшін аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылар;
      26) қолдан тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балалары бар бала тамағына аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      27) төтенше жағдайға тап болған (өрт, айдан аса ұзақ ауру және басқа), күнкөріс шегінен ең төмен орташа табыспен, өткен жылы әлеуметтік төлем алмаған тұлғалар;
      28) құжаттандыру үшін маргиналды топтағы тұлғалар;
      29) бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлер отбасылары.
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін Бөлімге осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әрбір санат бойынша мына құжаттарды ұсыну қажет:
      1) 1-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай бір жолғы материалдық көмек төлеу, дәрі-дәрмек алуға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер қайтаруға ай сайынғы төлем, жылу беру маусымы кезеңіне электржылыту бойынша шығындарды төлеу үшін материалдық көмекті ай сайынғы төлеу, газеттерге жазылу үшін біржолғы материалдық көмек төлеу – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Качир ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізім, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірі;
      2) 3, 4-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн Отан қорғаушы күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеу үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметті қайтаруға ай сайынғы төлем үшін – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Качир ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша)  ұсынылатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізім, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімше-сіндегі есеп шотының нөмірі;
      3) 5-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТТН, жеке басы куәлiгiнiң, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмелерi, "Құрметті азамат" атағын растайтын құжат (немесе аудандық мәслихаттың куәландырған тізімдері);
      4) 6, 7-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлiгi, диплом көшiрмелері салалы министрліктер, департаменттер, жоғары оқу орындарының жолдамасы, маманды ұйымға жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтан көшірме, жеке шарты;
      5) 8-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген студенттің өтiнiшi, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, білім беру қызметін көрсету үшін Качир ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойылған үш жақты келісім шарт;
      6) 9-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген студенттің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмелері, білім беру қызметін көрсету үшін Качир ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойылған үш жақты келісім шарт. Әлеуметтік-тұрмыс жағдайын тексеру актілері және жиынтық табыс туралы мәліметтер оқытуды төлеу үшін әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде бір рет ұсынылады;
      7) 10-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгi, алушы мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері;
      8) 11-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгiнiң көшірмелері, материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актісі, зейнеткер куәлігінің көшірмесі (ең аз мөлшердегi зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін);
      9) 12, 13, 14-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмелері, медициналық мекемеден анықтама;
      10) 15-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен салыстырылған тізімге сәйкес дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетілген осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмелері;
      11) 16-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир аудандық білім бөлімімен салыстырылған тізімге сәйкес дербес есеп шоты көрсетiлген қамқоршының немесе бала мүдделерін қорғайтын тұлғаның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің көшірмелері;
      12) 17-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген мүгедек баланың ата-анасы біреуінің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлігінің, бала мүгедектігін растайтын құжаттың көшірмелері, туу туралы куәлігі;
      13) 18-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлігінің көшірмелері, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй жағдайын тексеру актісі, қосалқы шаруашылығын алып-сату туралы қолхаты;
      14) 19-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмелері, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандығы туралы анықтама;
      15) 20-тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, жеке куәлігінің, СТТН көшірмелері, жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама, жерлеу туралы анықтама, қайтыс болғандығы туралы анықтама және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      16) 21-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн медициналық мекеме анықтамасына сәйкес дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмелері;
      17) 22-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген мүгедек-баланың ата-анасы біреуінің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгi, бала мүгедектігін растайтын құжаттың, бала туу туралы куәлігінің көшірмелері;
      18) 23-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқығы бар тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігі, бала мүгедектігін растайтын құжаттың, бала туу туралы куәлігінің көшірмелері, қолданылған билеттер немесе жол ақысын растайтын құжат, тұрғандығы туралы түбіртек;
      19) 1, 3, 4-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi көшірмелері, алушы мәртебесін растайтын құжат көшірмесі, шығындарды растайтын медициналық мекеменің анықтамасы;
      20) 24-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмелері, оқу мерзімін растайтын құжат немесе бизнес-жоспар;
      21) 25-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімі және (немесе) мектеп директоры, балабақша меңгерушісінің қолдаухаты;
      22) 26-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТТН, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері, орталық аудандық аурухана тізімі;
      23) 27-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмелері, тиісті органның (аудандық ішкі істер бөлімі, өрт сөндіру бөлімшесі, медициналық мекеме және басқа) өрт, ауырғандығы және басқа туралы анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама;
      24) 28-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн құжаттандыруды қажет етуші тұлғалардың тізімі қосымшамен қоса ауылдық округ әкімінің қолдаухаты;
      25) 29-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн - Отан қорғаушы күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Качир ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізімі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірі.
      3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мұқтаж азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мына түрлер мен мөлшерлер бойынша тағайындалады:
      1) 1, 2, 3, 4, 15, 16-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшін 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      2) 3, 4-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн 2000 теңге мөлерiнде ай сайынғы материалдық көмек;
      3) 1, 3, 4-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн тіс салдыру қызметінің нақты бағасы бойынша бiр жолғы материалдық көмек;
      4) 1-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 6000 теңге мөлшерiнде ай сайынғы материалдық көмек, "АО Энергоцентр" ұсынылған түбіртектерге сәйкес жылу беру маусымы кезеңіне 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, ауылдық округі әкімінің қолдаухаты және ұсынылған сметаға сәйкес үйді ағымдағы жөндеу жұмысына біржолғы материалдық көмек және мерзімді басылымдардың нақты құнына сәйкес біржолғы материалдық көмек;
      5) 2-тармақашада көрсетілген санатағылар үшін 3000 теңге көлемінде ай сайынғы материалдық көмек;
      6) 5, 17-тармақшаларында көрсетілген санаттағылар үшін 25000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      7) 13-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін стационарлық емделу кезеңіне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      8) 7-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 100000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      9) 11-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін тоқсан сайын 2 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      10) 9-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін студенттердің оқуы кезеңіне әлеуметтік көмек тиісті оқу орнындағы оқытудың нақты құнын есепке ала отырып жүзеге асырылады және оқыту процесі уақытына 7000 теңге көлемінде ай сайынғы материалдық көмек;
      11) 8-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін жоғары медициналық оқу орнында оқытудың нақты құнын есепке ала отырып, оқыту кезеңі үшін студенттерге әлеуметтік көмек;
      12) 12-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      13) 14, 19, 20, 21, 22–тармақшаларында көрсетілген санаттағылар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      14) 22-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 8 АЕК мөлшерінде тоқсан сайыңғы материалдық көмек;
      15) 6-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 250000 теңге аудан орталығына және 500000 теңге аудан ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге келген мамандар үшін біржолғы материалдық көмек;
      16) 10-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 22000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      17) 18-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 100000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      18) 23-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін қолданылған билеттерге және тұрғаны үшін түбіртектерге сәйкес біржолғы материалдық көмек;
      19)124-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – 5 айлық  есептік көрсеткіш мөлшерінде оқыту кезеңіне ай сайынғы материалдық көмек және 50000 теңге көлемінде еңбекпен оңалтуға арналған біржолғы материалдық көмек;
      20) 25-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2400-ден 3000 теңгеге дейін ай сайынғы материалдық көмек;
      21) 26-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 7000 теңге көлемінде ай сайынғы материалдық көмек;
      22) 27-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 20000-нан 50000 теңгеге дейінгі мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
      23) 28-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – 1000 теңгеге дейін біржолғы материалдық көмек;
      24) 29-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – 5000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
      5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      6. "Качир ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік төлемдерді ағымдағы айдың 26 күні мерзімінен кешіктірмей азаматтардың жеке есеп шоттарына уақытылы аударуды қамтамасыз етсін.
      7. "Качир ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың тізімдерін қалыптастыру және белгіленген іс-шаралардың тиісті орындалуы үшін жауапты болып белгіленсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.1Мардановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады