Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 111/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 сәуірде N 12-8-108 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 191/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012.04.18 N 191/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындык көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Качир ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі қосымшаға сәйкес (келісім бойынша) бекітілсін.
      3. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушіге тиісті жолдама беру арқылы квоталандырылған жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Качир ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 6 сәуірдегі
N 111/3 қаулысына  
қосымша       

Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі

N р/с Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі

1.

"Качир ауданының орталық кітапханалық жүйесі" ММ

2.

"Качир N11 кәсіптік лицейі" ММ

3.

"Жануарлар әлемі және орманды қорғау жөніндегі М. Горький мекемесі" ММ

4.

"Казахавтодор" РМК-ның ДЭУ-74 Павлодар облыстық филиалы

5.

"Качир аудандық мәдениет үйі" МҚКК

6.

"Песчан асыл тұқымды орталығы" ЖШС

7.

"Тереңкөл-Су" МҚК

8.

"Ивановское" ЖШС

9.

"Сарсенбинов" ШҚ

10.

"Гладковский" ШҚ

11.

"Дидар" ЖШС

12.

"Покровка" ЖШС

13.

"Вильгельм" ШҚ

14.

"Илларбек"ШҚ

15.

"Зуенко" ШҚ

16.

"Песчан механикалық-жөндеу зауыты" ЖШС

17.

"Качир орталық аудандық ауруханасы" КМҚК

18.

"Бостекпаев" ШҚ

19.

"А.Н. Елгин атындағы Качир N 1 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ

20.

" А.С. Текенов атындағы Качир N 2 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ

21.

"Қ. Оспанова атындағы Качир N 3 жалпы білім беретін орта мектебі" ММ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады