Качир аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы "2011 жылы Качир ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" N 2/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі N 3/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қазанда N 12-8-116 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 маусымдағы N 8/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 17.06.2013 N 8/14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 753 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Качир аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы "2011 жылы Качир ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-8-111 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымдағы "Заря" газетінің N 23 жарияланған) N 2/31 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-тармағында "алты жүз отыз" деген сөздер "бір мың бес жүз" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Н. Әлипова

      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады