Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 17.10.2013 N 1-19/184 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-9-123 тіркелген, 2011 жылғы 13 қаңтардағы аудандық "Аққу үні" N 3-4 газетінде жарияланған) N 5/25 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешімге қосымша келесі тармақтармен толықтырылсын:
"40. Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқу озаттары."
"41. 2010 - 2011 жылдары ауданның денсаулық сақтау мекемелеріне жұмыс істеуге келген дәрігерлер."
"42. Адал және көпжылғы еңбегі үшін ордендермен және алқалармен марапатталған тұлғалар."
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бұл шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы, аудандық
мәслихат хатшысы М. Смағұлов