Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 17.10.2013 N 1-19/184 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-9-123 тіркелген, 2011 жылғы 13 қаңтардағы аудандық "Аққу үні" N 3-4 газетінде жарияланған) N 5/25 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
Келесі мазмұндағы 43 және 44 тармақтарымен толықтырылсын:
"43. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен және жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар.
44. 2010 – 2011 жылдары ауданға келген барлық мамандықтар бойынша жас мамандар.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы, аудандық
мәслихат хатшысы М. Смағұлов