Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2012.12.13 N 358/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшасына сәйкес Май ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданында интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіп тұрсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шайхымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Пішенбаев