Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы N 358/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 3327 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 06 қыркүйектегі N 236/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 06.09.2013 N 236/9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14-1) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес Май ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданында:
      интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіп тұрсын.
      3. Май ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс квота белгілеу туралы" N 325/12 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 12-10-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсанда N 53 "Шамшырақ" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғ. Исахановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады