Шарбақты ауданы бойынша нысаналы топтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 04 қазандағы N 279/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 қазанда N 12-13-130 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі N 338/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 23.09.2013 N 338/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" N 316 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдайлардан және қолдағы бар бюджет қаражатына қарай, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 21-ден 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
      2) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);
      3) отбасында бірде-біреуі жұмыс істемейтін жұмыссыздар;
      4) 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
      5) ұзақ уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздар (9 айдан артық).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады