Алматы қаласы бойынша тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХVIII сессиясының 2011 жылғы 20 қазандағы N 476 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 желтоқсанда N 905 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 330 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.04.2019 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабына сәйкес, IV сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салықтың ставкалары келесідей қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға (қосымша) бекітілсін:

      1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы;

      2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы;

      3) ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер;

      4) ойын жолы;

      5) карт;

      6) бильярд үстелін пайдалану.

      2. II сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIII сессиясының 2011 жылғы желтоқсанның 5-дегі "Төлемдердің ставкаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын, 2001 жылғы желтоқсанның 19-дағы № 414 нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген (2001 жылғы желтоқсанның 5-дегі II сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIII сессиясының 2008 жылғы желтоқсанның 22-дегі № 165 "Төлемдердің ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы, 2009 жылғы қаңтардың 26-дағы № 807 нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2009 жылғы қаңтардың 31-дегі № 12 "Алматы ақшамы" газетінде, 2009 жылғы қаңтардың 31-дегі № 12 "Вечерний Алматы" газетінде жарияланды).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы А.И. Шелипановқа және Алматы қаласы бойынша салық департаментінің бастығы Б.Е. Қарымсақовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

IV сайланған


Алматы қаласының мәслихатының


XXXXVІІІ сессиясының төрағасы

М. Қошқаров

IV сайланған


Алматы қаласының мәслихатының


хатшысы

Т. Мұқашев


  IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXXXVІІІ сессиясының
2011 жылғы "20" қазандағы № 476
шешіміне қосымша

Тіркелген салықтың ставкалары

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Айлық есептік көрсеткіштегі тіркелген салық ставкалары

1.

Бір ойыншымен өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

12

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысумен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

18

3.

Ойынды жүргізуге қолданылатын дербес компьютер

4

4.

Ойын жолы

42

5.

Карт

12

6.

Бильярд үстелі

25


      Айлық есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады