Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011.12.07 № 492 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 510 бабы 2 тармағына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылға арналған «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2010 жылға арналған «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын аумағын пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIII сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 263 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 25 желтоқсанда № 832 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 және «Вечерний Алматы» газетінде 2009 жылғы 29 желтоқсанда № 158 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (С.М.Қалақов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына Е. Шормановқа жүктелсін.
4. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХХІV сессиясының
төрағасы О. Печеник
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
IV сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XXXIV сессиясының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 380
шешіміне қосымша
2011 жылға арналған «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи
паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақты (ЕҚТА)
пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Төлем ставкасы |
1 |
Туристік және рекреациялық мақсаттарда: |
||
Жеңіл автокөлік |
теңге/ |
300 |
|
Жүк автокөлігі және автобустар |
теңге/ |
300 |
|
Автобус бағытының түсімдері |
теңге/жыл |
16000 |
|
ЕҚТП аумағында жұмыс істейтін көлік иелерінің автокөлігі |
теңге/жыл |
16000 |
|
Ғылыми мақсаттарда (ғылыми зерттеулер өткізу) |
адам/күн |
120 |
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХХІV сессиясының
төрағасы О. Печеник
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев