2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 493 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 913 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 118 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 22.05.2013 № 118 шешімімен (ресми жарияланғаннан кейiн 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына және Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 487 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 381 «2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 872 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 5 және «Вечерний Алматы» газетінің 2011 жылдың 18 қаңтардағы № 6 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қаласы мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік-құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы А. Шелипановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына Е. Шормановқа жүктелсін.
      5. Осы шешім 2012 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХХХХХ сессиясының төрағасы                   Д. Петрухин

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы                                      Т. Мұқашев

IV сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XXXXX сессиясының
2011 жылғы «07» желтоқсандағы
№ 493 шешіміне қосымша

2012 жылға арналған
Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдалану үшін
төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдалану түрі

Өзен
дер, көлдер, теңіздердің
Бассейн
дері

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер,
(тиын/1 текше м.)

Өнер
кәсіп,
жылу энерге
тикасын қосқан
да,
(тиын/ 1 текше м.)

Ауыл шаруашы
лығы
(тиын/1 текше м.)

Су көздері
нен су алуды жүзеге асыратын тоған  шаруашылық-тары,
(тиын/1 текше м.)

Балық шаруа
шылығы, су көзде
рінен
балық аулайтын тұтыну
шылар,(тиын/кил
лограмм)

Гидро-
энерге
тика, (тиын/1кВт. сағат)

Су транс
порты,
(тиын/ т. шақы
рым)

Балқаш және Алакөл көлдері
нің және өзендер
дің алабтары

8,1

22,4

6,4

6,2

16

2,4

0,7

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХХХХХ сессиясының төрағасы                   Д. Петрухин

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы                                      Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады