"Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 15/8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 28 маусымдағы N 35/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 шілдеде N 1782 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-2) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 15/8 шешімімен (2009 жылғы 28 мамырдағы № 1712 мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы «Солтүстік Қазақстан», 2009 жылғы 5 маусымдағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру ережесіне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      «Облыстың Құрметті азаматы» атағы «Социалистік Еңбек Ері», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына лайықты облыс азаматтарына беріледі;
      5, 6, 7, 8, 9 тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
      «5. облыс (қала, аудан) әкімі аппараты басшысының бұйрығымен материалдардың осы Ереже талаптарына сәйкестігін қарау бойынша жұмыс тобы құрылады»;
      «6. Жұмыс тобының шешімі көпшілік дауыспен қабылданады»;
      «7. дауыстар тең түскен жағдайда жұмысшы тобы төрағасының пікірі шешуші болып есептеледі»;
      «8. Жұмысшы тобының шешімі ұсыныс түрінде болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді»;
      «9. Жұмысшы тобы келесі шешімдердің бірін қабылдай алады:
      өтініш қанағаттандырылсын және облыс (қала, аудан) әкіміне ұсынылсын атақ беру туралы сәйкес мәслихатқа ұсыныс енгізілсін;
      өтініш қабылданбасын;
      өтініш құжаттарды толық рәсімдеу үшін қайтарылсын»;
      13 тармақта:
      «Солтүстік Қазақстан» сөзі алынып тасталсын;
      «облыстың» сөзінен кейін «(қаланың, ауданның)» сөздерімен толықтырылсын;
      14 тармақта:
      «Облыстың Құрмет кітабы» сөздеріндегі Облыстың сөзінен кейін «(қаланың, ауданның)» сөздерімен толықтырылсын;
      «облыс әкімінің аппараты» сөздеріндегі облыс сөзінен кейін «(қала, аудан)» сөздерімен толықтырылсын;
      15 тармақта «облыстық» сөзінен кейін «(қалалық, аудандық)» сөздерімен толықтырылсын;
      4 бөлімнің атауы «Атақтан айырылу» сөздерінен кейін «және қалпына келтіру» сөздерімен толықтырылсын.
      16 тармақтағы «мүмкін» сөзі «тиісті» сөзімен алмастырылсын;
      4 бөлім «Заңсыз сотталған және сот шешімімен толық ақталған тұлғалардың Атағына құқықтары қалпына келтіріледі» 18 тармағымен толықтырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған 3-1 тармақтардағы құқықтық қатынастар үшін таралады.

      XХХV сессиясының төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы               Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады