"Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы кезектен тыс 25 сессиясының N 2 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 мамырда N 13-1-196 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы N 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 17.10.2013 N 13 шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Петропавл қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы кезектен тыс 25 сессиясының № 2 шешіміне (№ 13-1-174 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірде № 17 «Қызылжар нұры» және № 16 «Проспект СК» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) жан басына шаққандағы отбасының (азаматтың) табысына қарамастан жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда таралады.

      Қалалық мәслихат                           Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Е. Хан                                     Р. Сыздықов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер»
      Коммуналдық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  П. Соболевский
      2011 жыл «14» сәуір

      «Зейнетақы төлеу жөніндегі
      мемлекеттік орталық» Республикалық
      мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан
      облыстық филиалының директоры              Қ. Әмрин
      2011 жыл «14» сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады