Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігінің 2012.06.08 N 1037 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 38-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 2-тарауы 10-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидиялар алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2011 жылы екінші дақыл алмасуына басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сәйкес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Әшімбетов
Петропавл қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1608 қаулысына қосымша
Субсидиялар алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2011 жылы екінші дақыл алмасуына басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері
№ |
Дақылдардың |
Өтінім беру |
Егу мерзімдері |
1 |
Қияр |
2011 жылғы 15 қарашаға дейін |
2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін |