Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі N 242 Қаулысымен (бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығып қалғанның орнына № 147, № 148 сайлау учаскелері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны 1-қосымшаға келісті анықталсын.
2. Шығып қалғанның орнына № 147, № 148 сайлау учаскелері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен Аққайың ауданының аумағында кездесуі үшін шарттық негізде 2-қосымшаға келісті үй-жайлар берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.З. Телтаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Елубаев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Аққайың аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Н. Телтаев
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 52 қаулысына
1-қосымша
Шығып қалғанның орнына № 147, № 148 сайулау учаскелері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Елді мекен атауы |
Орналастыру орны |
Смирново селосы |
Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ғимараты жанындағы аумақта ақпараттық стенд, Народная көшесі, № 37 |
Аққайың аудандық кітапхана ғимаратың жанындағы аумақта ақпараттық стенд, Зеленая көшесі, № 7 |
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 52 қаулысына
2-қосымша
Шығып қалғанның орнына № 147, № 148 сайулау учаскелері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар тізбесі
Елді мекен атауы |
Кездесу өткізу орны |
Смирново селосы |
Аққайың аудандық орталық аурухана, Молодежная көшесі, № 6 |
Смирново № 3 мектебі, спорт залы, Пушкин көшесі, 24 а |