«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы № 213 Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылы Ақжар ауданы бойынша ауыл шаруашылығының әр түрі бойынша субсидияланатын басым дақылдарын себудің оңтайлы мерзімін жүргізу және субсидия алушылардың тізіміне енгізуге өтінім беру мерзімін анықтау туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 106 қаулысына (2011 жылғы 6 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-4-120 тіркелген, «Акжар хабар» газетінің 2011 жылғы 7 мамырдағы 19 нөмірінде, «Дала дидары» газетінің 2011 жылғы 7 мамырдағы 19 нөмірінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
қаулының қосымшасында:
«жаздық бидай, орташа піскен, орташа кештетілген» жолындағы «Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімін жүргізу» бағанында «II - далалық, жазық жер, ормандалалық» бағана астындағы «30.05» саны «02.06» санымен, «III - қуаң дала, дала» бағана астындағы «31.05» саны «03.06» санымен ауыстырылсын;
«жаздық бидай, орташа жетілген» жолындағы «Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімін жүргізу» бағанында «II - далалық, жазық жер, ормандалалық» бағана астындағы «03.06» саны «06.06» санымен, «III - қуаң дала, дала» бағана астындағы «05.06» саны «08.06» санымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі м.а. З. Молдағанапов