Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 04.07.2018 № 29-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Ақжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын бекіту туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-5 (мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2010 жылғы 6 тамызда № 13-4-106 тіркелген және 2010 жылғы 14 тамызда № 34 "Дала дидары" және "Ақжар -хабар" газетінде жарияланған) аудандық мәслихат шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қосымшаға сәйкес Ақжар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бір айда тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу".
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Е. Жақыпов |
Ақжар аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | М. Жұмабаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Ақжар ауданы бойынша | |
салық басқармасының бастығы | Ж. Тлеулин |
Аудандық мәслихатының 2011 жылдың 20 желтоқсан № 39-3 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары
Салық салу объектісінің атауы | Салық салу объектісінің бірлігіне ставкалардың бір айлық мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) | |
1. | Бильярд үстелі | 13 |
2. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
4. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
5. | Ойын жолы | 5 |
6. | Қарт | 2 |