Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мəслихатының 03.03.2020 № 53-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында қызметтін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Тіркелген салық бірыңғай ставкаларды бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымындағы № 24-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-106 болып тіркелді, 2010 жылғы 14 тамыздағы "Дала дидары" газетінде, 2010 жылғы 14 тамыздағы "Ақжар-хабар" газетінде жарияланған);
2) "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын бекіту туралы" Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсанындағы № 39-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-135 болып тіркелді, 2012 жылғы 10 ақпандағы "Дала дидары" газетінде, 2012 жылғы 10 ақпандағы "Ақжар-хабар" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Р.Жамбаев |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы |
Р.Жамбаев |
Солтүстік Қазақстан облысы Акжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы "_4__"_шілде__ №_29-1_ шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Бір айда тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 4 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, елді мекенде орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті | 10 |