Тіркелген салық бірыңғай ставкаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы N 24-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамызда N 13-4-106 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 шілдедегі № 29-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 04.07.2018 № 29-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республиканың 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" заңының 6-бабына Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің 422-бабының 2-тармағына, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Ақжар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бір айда тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2011.12.20 N 39-3 Шешімімен (бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. 2005 жылғы 11 наурыздағы № 16-3 "Белгіленген салық жиынтығының мөлшерін бекіту туралы" (2005 жылдың 16 сауірдегі № 15 "Дала Дидары" газетінде жарияланған, 2005 жылдың 29 наурызында № 1550 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізімінде мемлекеттік тіркеуден өткен) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім бұқара ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы К.Нұрымбеков
      Аудандық
      мәслихат хатшысының м.а. Е.Жақыпов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақжар ауданы бойынша
      салық басқармасының бастығы М.Тоқышев

  Аудандық мәслихатының 2011 жылдың 20 желтоқсан № 39-3 шешіміне қосымша

Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары


п/
п

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бірлігіне ставкалардың бір айлық мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бильярд үстелі

13

2.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

4.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

5.

Ойын жолы

5

6.

Қарт

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады