Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 24-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 сәуірде N 13-5-127 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 22-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 24.12.2013 N 22-5 шешімімен (алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі)

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес, аудан мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша монша мен шаштараз қызметтеріне өтініш беру кезінен әр айдың 25 күнінен кешіктірмей ай сайын 400 теңге мөлшерінде; тіс протездерін салу қызметіне тіс протезін салу шот-фактурасы құны мөлшерінде (қымбат металдар, металло-керамикалық протездерден басқа) үш жылда бір рет өтініш беру кезінен әр айдың 25 күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек;
      2) белсенді туберкулезбен ауратын азаматтарға қосымша тамақтану үшін өтініш беру кезінен әр айдың 25 күнінен кешіктірмей бір АЕК мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ мәртебесі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілген жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алғандарға, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға; Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарына; Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне; үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы иегерлеріне, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларына, қоныс аудару кезінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшалау және көшіру аймағынан қоныс аударғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы азаматтарға; І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге бір рет нақты жолдама құны мөлшерінде санаторлық–курорттық емделуге әлеуметтік көмек өтініш берушінің өтініш берген айының 25 күнінен кешіктірмей;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ мәртебесі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға; І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алғандарға, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға; Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарына; Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне; үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы иегерлеріне; Астана қаласына жылына бір рет өтініш берушінің өтініш берген айының 25 күнінен кешіктірмей экскурсиялық сапар шегуге әлеуметтік көмек.
      1-1. Анықтау:
      1) Ұлы Отан соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің өліміне байланысты немесе аудан шегінен кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлемдер аталған жағдайлар болған айдан кейін келесі айда тоқтатылады;
      2) белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтану үшін әлеуметтік көмек, аумақтық медициналық мекемесі ұсынған белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтар тізіміне сәйкес оған құқық пайда болғаннан кейін өтінген айдан ағымды айға тағайындалады;
      3) тіс протездерін салдыру қызметіне лицензиясы бар медициналық мекемелерге тіс протездеу құны мөлшерінде (қымбат металдар, металло-керамикалық протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырған қаражат шегінде жасалады;
      4) Банктік операциясының түріне сәйкес Қазақстан Республикасы Халық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақша қаражатын аудару жолымен құжаттарды қабылдаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асады.
      2. Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың тізбегі қосымшаға сәйкес қажет. Құжаттарды қарастыру мерзімі – он бес күнтізбелік күн ішінде.
      3. 451–007–000 «Жергілікті өкілетті орган шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша осы мақсатта қарастырылған қаражат жылы қаржыландыру шығыстары ауданның жергілікті бюджет есебінен жүзеге асады.
      4. Жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз ету үшін «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі шаралар қолдансын.
      5. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралында жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық
      XXIV сессиясының төрағасы                  мәслихат хатшысы
      С. Малаев                                  Б. Ысқақова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы:                       Н.Барақаев

«Ғабит Мүсріпов атындағы
ауданның жеке санаттағы мұқтаж
азаматтарына әлеуметтік көмек
көрсету туралы» аудан мәслихатының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 24 -2 шешіміне қосымша

Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізбегі

      1) нұсқа бойынша өтініш;
      2) жеке бас куәлігінің көшірмесі;
      3) мүгедектік, Ұлы Отан соғысына қатысушы, не болмаса оларға теңестірілгені туралы куәліктің көшірмесі;
      4) өтініш берушінің жеке шотының көшірмесі;
      5) мекен-жайын анықтайтын құжат көшірмесі;
      6) белсенді туберкулезбен ауыратындарды қосымша тамақтандыру арқылы әлеуметтік көмек көрсетілетін, белсенді туберкулез тобында диспансерлік есепте тұрғаны туралы аумақтың медициналық мекемеден анықтама;
      7) тіс протезі және санаторлық-курорттық емдеу арқылы көрсетілген әлеуметтік көмекке қажет қаражат туралы медициналық ұйымнан шот-фактура;
      8) санаторлық-курорттық емнің қажеттілігі туралы санаторлық-курорттық карта;
      9) мемлекеттік жәрдемақы алуы туралы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан анықтама.
      Тексерілгеннен соң құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қабылданған күні қайтарылып беріледі көшірмелері куәландырылғаннан кейін іс құжаттарына тіркеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады