Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 17-3 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау, ит пен мысықтарды серуендету ережелері туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 мамырдағы N 25-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 маусымда N 13-5-130 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 мамырдағы N 4-10 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2012.05.30 N 4-10 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағына, «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның атқарушы органдардың құрылымындағы өзгерістер және штаттық санының лимиттерін бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 292 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 17-3 «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау, ит пен мысықтарды серуендету ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқытық актілерді тіркеу тізілімінде 06.05.2010 жылы № 13-5-113 номері (2010 жылғы 24 мамырда № 21 «Есіл өңірі», 2010 жылғы 24 мамырдағы № 21 «Новости Приишимья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау, ит пен мысықтарды серуендету Ережесінде:
      «Малдарды тіркеу тәртібі» 2 бөлім 5-тармақта «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі» «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                Аудандық мәслихаттың
      XХV сессиясы төрағасы               хатшысы
      Д. Амангелдиев                      Б. Ысқақова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
      ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы           С.Мұхамедеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады