Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 12.03.2018 № 20-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422-бабына (Салық кодексі) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Белгілеу:
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында қызмет ететін барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтық ставкалары бір айға бір бірлік үшін, қосымшаға сәйкес.
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" шешімінің 2 қосымшасы (тіркеу номері 13-5-50 2008 жылғы 16 қаңтар, "Есіл өңірі" газеті 2008 жыл 18 қаңтар № 3, "Новости Приишимья" газеті 2008 жыл 21 қаңтар № 3) күші жойылды деп саналсын.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден соң күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
ХХХІ сессиясының | |
төрағасы | Қ. Бижанов |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Ғабит Мүсірепов атындағы | |
аудан бойынша салық | |
басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | М. Ағажанов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Б.Ысқақова |
Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 17 қарашадағы № 31-2 шешiмiне қосымша |
Бірыңғай тіркелген салықтық ставкалары
№ | Кәсіпкерлік қызметтің түрі | Салық салу объектісінің бірлігіне ставкалардың 1 айлық мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерінде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуг еарналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютері | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |